Halyq Uni логотип
×

Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі анықталғаны рас па: министрлік мәлімдеме жасады

Қазақстанда маймыл шешегі ауруының бірде-бір жағдайы тіркелмеген

 Халық үні 30.08.2024 | 21:49
Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі анықталғаны рас па: министрлік мәлімдеме жасады
фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау министрлігі Астана әуежайында жолаушыдан маймыл шешегі анықталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Halyq Uni министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, желідегі материалдарда маймыл шешегінің елге енуіне қарсы дайындық бойынша өткізілген ведомствоаралық оқу-жаттығу барысында түсірілген бейнематериал қолданылған.

Осы тұста ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда маймыл шешегі ауруының бірде-бір жағдайы тіркелмегенін, сондай-ақ сырттан әкелінген жұқпалы жағдайлардың тіркелмегенін хабарлады.

Сондай-ақ, маймыл шешегінің елімізге енуінің алдын алу мақсатында өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді.

ДСМ хабарлауынша, жалған ақпарат таратқан адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

Ведомство әлеуметтік желі қолданушыларын және барлық азаматтарды тек ресми дереккөздерден алынған сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама