Желіде Ақтаудағы көпқабатты үйден құлаған әйелдің видеосы
Қайғылы оқиға Ақтаудың 33 шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Әйел көпқабатты үйден құлап, мерт болды. Полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша іс қозғады, деп хабарлайды Halyq Uni lada.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Ақтаудағы көпқабатты үйден құлаған әйелдің видеосы тарады. Онда жедел тергеу тобының оқиға орнына келіп, үйдің жанындағы аумақты сары лентамен қоршауға алғанын көруге болады.
Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні 33-ші шағын аудандағы үйлердің бірінде болған.
Облыстық полицияның баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, - делінген ведомство хабарламасында.