Қазақстан пара волейбол құрамасы Париж паралимпиадасын жеңіспен бастады

Ербол Тұрымбет

Алғашқы кездесуде Франция құрамасын айқын басымдықпен ұтты

Фото: instagram/kazparavolley

Волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама Париж-2024 Паралимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан пара волейбол федерациясының хабарлауынша, XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының топтық кезеңіндегі алғашқы матчында Қазақстанның волейболды отырып ойнаудан құрамасы Францияның командасын 3:0 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасының келесі ойыны 31 тамызда Астана уақыты бойынша 17:00-де өтеді.

Айта кетейік, Париж-2024 Паралимпиадасына 8 команда қатысады және олар екі топқа бөлінген.

Қазақстан А тобында Франция, Босния және Мысырмен ойнайды.  Ал «B» тобында Иран, Украина, Бразилия және Германия құрамалары топтасқан.