Halyq Uni логотип
×

Президент қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Әділетті Қазақстанды бірге құратынымызға кәміл сенемін, – делінген құттықтауда

 Халық үні 30.08.2024 | 09:00
Президент қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады
фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni Ақордаға сілтеме жасап.

Құрметті отандастар! Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын! Ата заң – мемлекеттілігіміздің берік тұғыры, еліміздің дәйекті әрі тұрақты дамуының мызғымас кепілі, – делінген мәтінде.

Президент 2022 жылғы конституциялық реформаның нәтижесінде жан-жақты демократияландыру үдерісі басталғанын, саяси жүйені жаңғыртуға жағдай жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, осы реформалар аясында құқық қорғау институттарының және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі көтеріліп, конституциялық сот құрылды.

Конституцияның әділ әрі берекелі қоғамның тірегі саналатын заң мен тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы рөлі нығая түсті. Азаматтардың негізгі заңымызды құрметтеп, оның талаптарын бұлжытпай орындауы – нағыз отаншылдықтың және жоғары жауапкершіліктің айқын көрінісі. Біз Конституцияда бекітілген қастерлі құндылықтарға сүйене отырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды бірге құратынымызға кәміл сенемін, – делінген құттықтауда.

Президент сөз соңында әр шаңыраққа бақ-береке мен табыс тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама