×

Әйгілі Кабирхан Көшпенділер ойындарына қосылуы мүмкін

Ұлттық құрамада көкпарға түсетін 24 ат – алдына қара салмаған дүлдүлдер

 Халық үні 29.08.2024 | 23:06
фото: twitter.com/RacingDubai

Қазір Қазақстанның ұлттық құрамасында V Дүниежүзілік көшпенділер ойндарына тек көкпардың өзінен қатысатын 30-ға жуық ат дайындалып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл туралы Ұлттық ат спорты түрлері орталығы қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Қайырхан Мәулен мәлім етті.

Ұлттық құрамада тек көкпар бойынша 30-ға жуық ат әзірленіп жатыр. Оның 24-і ертең келеді. Сол 24 аттың барлығының да атақтары бар, бүгінгі күнге дейін жеңістерге жеткен. Әлем чемпионатында жеңген Нұрғасқа сәйгүлігі бар, онымен Құрманбек Тұрғанбек атты үкілеген үмітіміз өнер көрсетеді. Одан бөлек, Жұмыртұяқ, Секрет атты талай бәйгеде топ жарған аттар келуі ықтимал. Тіпті Дубайдағы бәйгеде жеңіске жеткен Кабирханды білесіздер, ол да келеді деп жоспарланған, – деді орталық өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама