Halyq Uni логотип
×

Психикалық ауытқуы бар адамдарды қанаған директорға қатысты іс сотқа жолданды

Мекеме қызметкерлері науқастардың есепшоттарынан ақша жымқырған

 Динара Амантай 29.08.2024 | 18:18
Психикалық ауытқуы бар адамдарды қанаған директорға қатысты іс сотқа жолданды
Фото: Абай обл. прокуратурасының баспасөз қызметі

Абай облысында психикалық ауытқуы бар адамдарды қанаған директорға қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыс прокуроры Ерлан Абаевтың айтуынша, №1 Семей арнайы қызмет көрсету орталығының директоры қамқорлығындағы психикалық дертке шалдыққан 4 адамға шаруа қожалығындағы құрылыс жұмыстарын жасатқан.

Қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ҚР ҚК-нің 128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11-тармақтары («Адам саудасы») бойынша тергеген. Қазір іс сотқа жолданды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар, мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері техникалық қызметкерлердің орнына науқастарды пайдаланып, үй-жайды тазалауға мәжбүрлеп, тамақ дайындатқан, сондай-ақ олардың есепшоттарынан жәрдемақыларын жымқырған.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама