Ақтөбе облысында халықаралық маңызы бар жолдарда жол апаты қаупі жоғары – прокуратура
Мәселені шешу үшін арнайы комиссия құрылды
Ақтөбе облысының прокуратурасы халықаралық жолдардың нашар жағдайына байланысты тасжолдарда апаттар жиі болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, аталған учаскеде 95 адам, оның ішінде 15 бала қаза тапқан. Прокуратура Көлік министрлігіне заңбұзушылықтарды жою туралы қадағалау актісін жолдады. Нәтижесінде, «Самара-Шымкент» тас жолына кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Жол апаттарының тағы бір себебі – зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмектің көрсетілмеуі.
Автомобиль тас жолдарында ұялы байланыстың жоқтығы және жол-көлік оқиғасы болған жағдайда білікті медициналық көмек көрсету мүмкінсіздігі өлімге әкеліп соғады, – делінген прокуратура хабарламасында.
Аталған мәселені шешу мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мамандарынан тұратын арнайы комиссия құрылды.