×

Елімізде 3,7 млн тонна астық бастырылды

Биыл егін жинау науқанына 580 млрд теңге бөлінді

 Дәурен Ерболат 29.08.2024 | 17:40
Фото: eldala.kz

Қазақстанда 3,7 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінде 2,2 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділік 16,7 ц/га болса, жалпы 3,7 млн тонна астық бастырылған.

Мысалы, 1,3 млн га алқаптан бидай жиналды. Өнімділік – 17,2 ц/га, 2,2 млн тонна бидай бастырылды. 1,1 млн га арпа бастырылды, өнімділік – 17,3 ц/га. 36,1 мың га алқаптан сұлы жиналды, 57 мың тонна сұлы бастырылды, өнімділік – 15,8 ц/га, - деп жазылған хабарламада.

Биыл майлы дақылдардың орташа өнімділігі – 11,5 ц/га. 13,5 мың га алқаптан майлы дақыл жиналып, 15,5 мың тоннасы бастырылды. 22 мың гектар алқаптан 581,1 мың тонна картоп жиналды, өнімділік – 264,2 ц/га, 58,4 мың гектардан көкөніс дақылдары жиналды, өнімділік – 248,6 ц/га. 88,4 мың га алқаптан бақша дақылдары жиналды, өнімділік –252,9 ц/га.

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың басқа техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, биыл көктемгі егіс және егін жинау науқанына 580 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама