Астанада Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы жабылады
Жүргізушілер сапарын алдын ала жоспарлауы керек
Биыл 29-30 тамыз аралығында Астанада Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы жөндеуге толық жабылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізілетінін хабарлайды. Осыған байланысты 29-30 тамызы аралығында жоғарыда аталған учаске толық жабылады. Көлік қозғалысы оң жақ съез бойынша жүргізіледі», - деп хабарлайды елорда әкімдігі таратқан хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда көлік кептелісін болдырмау үшін сапарын алдын ала жоспарлауы керек.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.