Президент 2 қыркүйекте дәстүрлі Жолдауын жариялайды

Ербол Тұрымбет

Жолдау Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланады

Фото: Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Aqorda telegram-арнасының хабарлауынша, жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.