Halyq Uni логотип
×

Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорт орталығы салынады

Қалада бірқатар әлеуметтік нысан жөнделеді

 Динара Амантай 29.08.2024 | 15:05
Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорт орталығы салынады
Фото: Алматы қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа спорт орталығы салынады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, спорт кешені Райымбек батыр даңғылы, 312 мекенжайында орналасады. Ғимаратта 2 бассейн, сондай-ақ жаттығу мен сауықтыру бөлмелері қарастырылған. Кешен бір ауысымда бірден 144 адамды қабылдауға мүмкіндік береді. Спорт орталығының құрылысы 2025 жылдың 1-тоқсанында басталады әрі жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Бұған қоса, қаланың Алмалы ауданында 14 жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген 2 әлеуметтік нысан жаңартылады. Алматы қаласының адам ұрпағын өрбіту орталығының 1-ші блогындағы жөндеу жұмыстары желтоқсан айында, ал 2-ші блогындағы жұмыстар 2025 жылдың наурызында аяқталмақ.

Сонымен бірге биыл желтоқсанда №3 емханаға жөндеу жұмыстары аяқталатыны айтылды. Аталмыш жобаларды іске асыру арқылы аудандағы медициналық және сауықтыру қызметінің сапасын арттыру көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама