×

Замануи құрылғы көмегімен алаяқтық жасаған шетелдік ұсталды

Күдіктінің әрекетінен зардап шеккен адамдар анықталып жатыр

 Динара Амантай 29.08.2024 | 14:33
Фото:

Семейде жалдамалы пәтерде виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған GSM-box аппаратурасын ұялы байланыс желілеріне қосқан шетел азаматы анықталды. деп хабарлады Halyq Uni.

Бұл құрылғы қазақстандықтарға қоңырау шалу бойынша алаяқтық схемаларда, яғни банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде хабарласу үшін пайдаланылған.

Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламалар жасау, пайдалану, тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – делінген хабарламада.

Күдіктінің әрекетінен зардап шеккен адамдар анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама