БҚО-да түрме қызметкерлері сотталды

Динара Амантай

Үкім заңды күшіне енді

Фото: Halyq Uni

БҚО-да түрме қызметкерлері сотталды, деп хабарлады Halyq Uni.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Жүргізілген іс-шаралар барысында делдал арқылы 15 мың теңге көлемінде кезекті пара алу және 3 ұялы телефонды алып кіргені үшін қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің режимдік бөлімі бастығының міндетін атқарушы қылмыс үстінде ұсталды.

Бұған қоса, мекеме қызметкерінің тыйым салынған марихуана заттарын әкелу фактілері анықталды. Іс бойынша жауап алынған күдікті мекеме қызметкері кінәсін мойындады.

Орал қалалық сотының 2024 жылғы 16 шілдедегі үкімімен мекеме қызметкеріне Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша пара сомасының отыз еселенген мөлшерінде, яғни 450 мың теңге айыппұл салынды, – делінген сот хабарламасында.

Осы үкіммен тағы 2 адамға қатысты түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.