×

Алматы облысында ерлі-зайыптыларға оқ атқан азамат ұсталды

Ұрыстың соңы төбелеске ұласқан 

фото: otyrar.kz

Алматы облысының полицейлері ерлі-зайыптыларды мылтықпен жаралаған 24 жастағы талдықорғандық азаматты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz. 

Басылым мәліметінше, күдікті 34 жастағы жергілікті тұрғынмен және оның әйелімен сөзге келіп қалған. Арты төбелеске ұласқан.

«Күдікті көлігімен жоғары жылдамдықпен жүйіткіп, ауыл көшесінің шаңын шығарған. Бұл жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды. Өзіне жасалған ескертуден кейін ол өзін агрессивті ұстап, төбелесті ушықтырып, ақырында атыс қаруын қолданды. Салдарынан 34 жастағы ер адам мен 31 жастағы әйел жарақат алды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді», - деді полиция.

Қылмыстық тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 24-бабымен қоса, яғни «Адам өлтіруге оқталу» бойынша қолға алынды.

Бұрын ұрлық жасағаны үшін үш рет сотталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды. Аңшы мылтығы тәркіленіп, айғақты зат ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама