Halyq Uni логотип
×

Қоныс аударушыларға бөлінген қаржы басқа мақсаттарға жұмсалған

Прокуратура тексеру жүргізді

 Динара Амантай 29.08.2024 | 12:36
Қоныс аударушыларға бөлінген қаржы басқа мақсаттарға жұмсалған
Фото: Halyq Uni

Қарағанды облысында қоныс аударушыларға бөлінген қаржының мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды, деп хабарлады Halyq Uni.

Нұра ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында ерікті қоныс аудару бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының жұмсалуында заңбұзушылықтар анықтады. Тұрғын үй сатып алуға арналған қаражат басқа мақсаттарға жұмсалған.

Былтыр Астанадан Нұра ауданына көшіп келген азамат О.Көшербай сатып алған үйіне қоныстанбаған. Оны көшіруге 966 мың теңге және тұрғын үй сатып алуына 4 млн теңге бөлінген. 2023 жылдың қарашасында ол 8 млн 300 мың теңгеге пәтер сатып алу-сату шартын бекіткен. Алайда, тексеру барысында аталған үйде бұрынғы иесі мен оның отбасы тұрып жатқаны анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде Ө.Көшербай мемлекеттік бюджетке 2 млн теңгені қайтарды. Қалған сомаға сотқа талап-арыз берілді.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама