Дүмпу ошағы Алматыдан 836 шақырым жерде орналасқан
Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 836 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.
29 тамыз Астана уақыты бойынша сағат 10:56-да жер сілкінісі тіркелді. Дүмпудің ошағы – Алматы қаласынан оңтүсік-батысқа қарай 836 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан, - делінген ақпаратта.
Жер сілкінісі Қазақстан аумағында сезілген жоқ.