×

«Жүрегі 3 рет тоқтаған». Астанада дәрігерлер жүкті әйелді өлімнен құтқарды

Науқас сөйлеуді және жүруді қайта үйренді

 Дәурен Ерболат 29.08.2024 | 11:51
Фото: Halyq Uni

Елордада №2 көпбейінді аурухананың дәрігерлері жүкті әйелді өлімнен құтқарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, қаладағы №2 көпбейінді ауруханаға өте ауыр жағдайда жүкті әйел жеткізілген. Ауыр созылмалы аурудың салдарынан 30 жастағы Анастасияның жүрегі 3 рет тоқтаған.

Науқас бірден реанимация бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету желдету апаратына қосылды. Дәрігерлер жүкті әйелді өлім аман алып қалу үшін 3 апта күресті. 1 аптадан соң Анастасия есін жиып, оңалтудан кейін гинекология бөлімшесіне ауыстырылды. Ол 1 ай бойы медициналық қызметкерлердің қажырлы еңбегі арқасында тыныс алуды, тамақтануды, жүруді және сөйлеуді қайта үйренді, - деп жазылған хабарламада.

Анастасия дәрігерлерге алғыс айтты.

Барлық медицина қызметкеріне рақмет айтамын. Олар менің баламды құтқарып. Өлімнен аман қалдым, - деді ол ағынан жарылып.

Гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Оразалы Абдраманов бүгінде науқас өзін жақсы сезінетінін, ауруханадан шығуға дайындалып жатқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама