Halyq Uni логотип
×

Алматыда 31 мыңнан аса жас жұмысқа орналасты

Жұмыссыздық мәселесі бақылауда

 Дәурен Ерболат 08.08.2024 | 17:17
Алматыда 31 мыңнан аса жас жұмысқа орналасты
Фото: Halyq Uni

Жыл басынан бері Алматыда 31 мыңнан аса жас жұмысқа орналасты. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азиз Кажденбек айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Оның айтуынша, былтыр қалада мансап орталығы іске қосылған. Нәтижесінде орталыққа 4 мыңнан астам жас келіп, оның 3 мыңы жұмысқа орналасқан.

Биыл онда 4,1 мың жас оқудан өткен. Оның 2,9 мыңы жұмысқа орналасса, ал 1,2 мыңы тағылымдамадан өткен.

2024 жылғы қаңтардан бастап жалпы 31,3 мың жас жұмысқа орналасты: 24,5 мың – тұрақты жұмыс орны, 6,8 мыңы – уақытша жұмыс орны, - деді Азиз Кажденбек қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Басшы міндетін атқарушы биыл мамырда 450-ден аса ірі компания қатысқан іс-шара ұйымдастырылғанын айтты.

Іс-шара 8 күн өткен. Нәтижесінде оған 18 мың адам келді. Бұл іс-шараны базарларда. Оған көбінесе NEET жастар келді. Бүгінде 2,8 мыңнан аса жас жұмысқа орналасты, - деді ол.

Сонымен қатар Азиз Кажденбек NEET жастарға арналған мобильді қосымша іске қосылғанын атап өтті.

Ол Jasalmaty.kz деп аталады. Қосымша jobfair365 (жұмысқа орналастыру) және SkillBridge-пен (оқыту қызметі) біріктірілген. Жалпы ақпарат порталына 20 мың оқырмын кірді. Оған 3 мыңнан аса жұмыс беруші тіркелді. Олар 5 мыңнан аса жұмыс орнын ұсынды. Нәтижесінде 2,5 мың жас жұмысқа орналасты, - деді басшы міндетін атқарушы.

Сондай-ақ «Жасыл ел» ұлттық жобасы аясында 1,2 мың жас уақытша жұмысқа орналастырылды. Қыркүйекке қарай 2,1 мың жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама