Алматы облысында жасөспірім тауда адасып еткен
Оның достары құтқарушыларға жүгінген
Алматы облысында 16 жастағы жасөспірім тауда адасып еткен, деп хабарлады Halyq Uni.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бес жасөспірімнен тұратын топ Іле Алатауының Проходное шатқалында орналасқан Қасқабас тауына серуенге шыққан. Таудан төмен түскен кезде 2008 жылы туған бала өзін нашар сезініп, топтан қалып адасып кеткен. Төмен түскен жолдастары оны таба алмай құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары жоғалған жасөпірімді тауып, төменге жолдастарына түсірді. Оған медициналық көмек қажет болмады.