Есірткі контрабандасымен айналысқан күдікті Ресейден елге қайтарылды

Динара Амантай

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды

Фото: видеодан скриншот

Бас прокуратура Қазақстан азаматын аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасымен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, өткен жылдың маусымында күдікті бір топ адамдармен сөз байласып, бірнеше мемлекеттің аумағы арқылы салмағы 60 келіге жуық героин мен салмағы 10 келіден асатын гашиш контрабандасын ұйымдастырған. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті халықаралық іздестіруге жарияланды.

Өткен жылдың тамызында ол Мәскеуде ұсталған, содан кейін Бас прокуратурның сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Әйел аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.