Halyq Uni логотип
×

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаған". Білім беру ұйымдарының 17 басшысы жауапқа тартылды

Нысандарда күзет қызметі болмаған

 Дәурен Ерболат 29.08.2024 | 09:05
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмағаны үшін білім беру ұйымдарының 17 басшысын жауапқа тартты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, оқу жылы қарсаңында полицейлер өңірдегі мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін тексеріп жатыр.

ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі аға жедел уәкілі Амангелді Бапинов білім беру ұйымдары (мектепке дейінгі мекемелер, колледждер, университеттер және қосымша білім беру ұйымдары) террористік тұрғыдан осал объектілер тізіміне енгізілгенін атап өтті.

Қостанай облысында осындай санаттағы 506 нысан бар. Сондықтан бұл нысандарды инженерлік-техникалық құралдар, бейнебақылау және хабарлау жүйесімен жарақтандыру, сондай-ақ террористік қатер кезіндегі әрекет ететін жұмысшылармен қамтамасыз ету керек.

Сондай-ақ аталған объектілерде дабыл батырмалары орнатылып, бейнежазбаны жедел басқару орталықтарына, сондай-ақ полицияның кезекші бөліміне берілуі керек.

Жыл басынан бері экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және қалалық полиция өңірдегі 307 білім беру нысанын тексеріп, 123 нысанда заңбұзушылықты анықтады.

Мысалы, нысандарды күзет қызметі болмаған, бейнебақылау камералары жедел басқару орталығына қосылмаған, – деді Амангелді Бапинов.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 149-бабы 1-бөлігі бойынша терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамағаны үшін білім беру ұйымдарының 17 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 12 нысан жекеменшік, 5 нысан мемлекеттік білім беру ұйымы саналады. Жалпы басшыларға шамамен 6 млн теңге айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама