×

Мас халде көлік жүргізген депутат орнын босатты

Ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған

Фотоколлаж: zhaikpress.kz

Ақтөбеде депутат мас халде көлік айдаған. Ол 15 күн қамауға алынып, жүргізуші құқығынан айырылды, деп хабарлайды Диапазон. 

20 мамырда полицейлер Қарғалы ауданы Қайдауыл батыр көшесінде Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Ербол Қасымғали тізгіндеген Mercedes-Benz көлігін тоқтатқан. Кейін депутат медициналық тексерістен өткенде оның мас болғаны анықталып, іс сотқа жіберілген.

Депутаттың өзі мас күйінде көлік айдағанын мойындамай, тексеріс нәтижесімен келіспеген. Сонымен қатар, қайта тексерістен өтуге құқығы бар екені түсіндірілмегенін айтқан.

Сот оның әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны, мас күйінде көлік жүргізгені дәлелденді деп шешкен. Нәтижесінде, ол 15 тәулікке әкімшілік жазаға тартылып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Басылым мәліметінше, Ербол Қасымғали болған оқиғадан кейін депутаттық мандатын тапсырған.

«Ербол Қасымғали депутаттық өкілеттігін тоқтатты», - дейді өңірлік сайлау комиссиясының өкілі.

Ақтөбе қалалық мәслихатының сайтында Ербол Қасымғали «Ойл Гео Контракт» ЖШС бас директоры болып жұмыс істейтіні көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Манту орнына БЦЖ: министр екпеден зардап шеккен балалардың ата-аналарымен кездесті

Балалар қысқы демалыста «Бурабай» санаторийінде сауықтырудан өтеді
01.12.2022 | 16:16

«Мақсатымыз – эмоционалдық қолдау»: Кез келген адам балалар үйінде тәлімгер бола алады

Қазақстанда 4 мыңнан астам бала жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатыр
01.12.2022 | 16:06

Иранда ереуілшілер өз футболшыларының жеңіліп қалғанын тойлады

Халық билікке қарсылығын осылайша білдіріп отыр
01.12.2022 | 15:58

Жамаубаев қазақстандық делегацияны бастап Жапонияға барды

Онда елімізге инвестиция тарту мәселесі талқыланады
01.12.2022 | 15:52