Қазақстанда алманы автокөлікпен әкелуге тыйым салынды

Динара Амантай

Үкіметте бірқатар тауарға экспорттық кедендік баж салығын енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды

Фото: Halyq Uni

Қазақстанда бензинді сыртқа шығаруға және алманы автокөлікпен әкелуге тыйым салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында Қазақстан аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, Қазақстан аумағына алма әкелуге тыйым салу мәселесі қаралды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл алма 300 мың тонна көлемінде жиналады деп болжанып отыр. Бұл ретте алма бақтарының толық жеміс беруі және өнімділікті 18%-ға арттыру күтіледі. Бұл ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етеді. Талқылау қорытындысы бойынша жыл соңына дейін Қазақстан аумағына үшінші елдерден автомобиль көлігімен алма әкелуге уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ ВАК отырысында бірқатар тауарға экспорттық кедендік баж салығын енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды. Шикiзат тауарларын iшкi қайта өңдеудi ұлғайту және отандық кәсiпорындарды бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайтатын шикiзатпен жүктеу мақсатында Қаржы министрлігi белгiлi бiр шикiзат тауарларына ЭСА белгiлеу жөнiнде ұсыныс енгiздi.

Талқылау қорытындысы бойынша Қаржы министрлігінің ұсыныстарын салалық мемлекеттік органдар «Атамекен» ҰКП және мүдделі қауымдастықтармен бірге жаңа салық кодексінің ережелерін ескере отырып пысықтайды деген шешім қабылданды.