Halyq Uni логотип
×

Павлодарлық қарызын қайтармаған әйелге нәжіс лақтырған

Ер адамға айыппұл салынды

 Дәурен Ерболат 28.08.2024 | 15:15
Павлодарлық қарызын қайтармаған әйелге нәжіс лақтырған
Фото: Halyq Uni

Павлодарда қарызын қайтармаған әйелге тұрғын нәжіс лақтырды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қаладағы оңтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Аймауытов атындағы саябақта сөмкедегі нәжісті танысының бетіне лақтырған азаматқа шағым түскен. Тексеріс барысында әйелдің күдіктіге қарыз екені анықталды. Павлодарлық қарызды қайтарылмаған соң осындай әрекетке барған. 

Күдіктінің кім екені анықталды. Ол Павлодар қаласында тұрады. Құқық бұзушының үстінен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылд. Соттың шешімімен оған 14 АЕК (51 688 теңге, 1 АЕК – 3692 теңге) көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар қаласы ПД оңтүстік полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Рустам Серғазинов. 

Полиция арадағы түсінбеушілікті сот арқылы шешуге кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама