Қазақстандық жол қызметкерлері канадалық әріптестерінің тәжірибесін зерттейді
Көлік министрі Монреальда өткен конференцияға қатысты
Автожол құрылысы бойынша тәжірибемен алмасу мақсатында қазақстандық мамандар Канадаға барады. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев пен шетелдік әріптесінің орынбасары Арун Тангараджбен кездесу барысында келісті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Монреальда өткен ХААҰ-ның 14-ші аэронавигациялық конференциясы (AN-Conf/14) аясында өткен кездесуде Канаданың Көлік министрлігінің басшылығымен екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашудың құқықтық негіздерін құру туралы келісімге қол жеткізді.
Сапар аясында канадалық DeHavilland және Bombardier әуе кемелерін шығаратын компаниялардың басшылығымен шағын авиацияны дамыту туралы ынтымақтастық мәселелерін талқылау бойынша кездесулер өтті.
Сонымен қатар, «NDT Technologies Inc» компаниясының төрағасымен кездесу өтті. Қос тарап теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастық мәселесін пысықтауға келісті.