Halyq Uni логотип
×

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін арнайы жеңілдіктер бар – Эмин Әскеров

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерліктің көмегімен елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге болады

 Халық үні 29.07.2024 | 10:39
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін арнайы жеңілдіктер бар – Эмин Әскеров
Фото: Голос народа

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытып, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін заңмен барлық алғышарттар қарастырылған. Еліміздегі белгілі әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров аталған бағытты қолдауға мемлекеттің қалай көңіл бөліп отырғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгінде ол Қазақстандағы танымал әлеуметтік кәсіпкердің бірі. Ол  2017 жылдан бері елімізде менталды ауытқуы бар науқастар, мүгедектігі бар азаматтар, сондай-ақ сотталған азаматтарды жаңа кәсіпке оқытып, оларды жұмысқа орналастырумен айналысады. Сондай-ақ ол жетімдер үйінің түлектерін оқытып, еңбек нарығында жұмыс табуға көмектемеді. Оның айтуынша, бұрын құқық қорғау органдарында қызметте болған. Әлеуметтік кәсіпкерлікке келуінің бірнеше себебі бар.

Бірде бір профессормен сөйлестім, ол болашақта екі негізгі тренд болатынын айтты. Оның біріншісі – жасанды интеллект, екіншісі - әлеуметтік жобалар. Неліктен жасанды интеллект екені түсінікті. Бірақ неге әлеуметтік жобалар деген сұрақ туындайды? Себебі әлемдегі бірде-бір ел қазір әлеуметтік сын-қатерлерді жеңе алмай отыр. Дәл қазір әлеуметтік сын-қатерлер өте көп. Мәселен, әлемде 820 млн жуық адам аштыққа тап болып отыр. Күн сайын 24 700 адам аштықтан өліп жатқанын көбі білмейді. Соған қарамастан 1,3 млрд азық-түлік өнімі жарамсыз болғандықтан қоқысқа кетіп жатыр. Әріп танымайтын адамдар көп, әлеуметтік проблемаларды еңсере алмай өз-өзіне қол жұмсап жатқан адамдар  да бар. Оның ішінде Қазақстан да бар. Себебі еліміз суицид бойынша алдынғы орында тұр - деді ол.

Оның ойынша қордаланған әлеуметтік пробемаларды шешуге мемлекеттен бөлек үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық сектор мен әлеуметтік кәсіпкерлерге де жауапты.

Қазір әлемде әлеуметтік кәсіпкерлік белсенді трендке айналды. Бұл бизнестің дәстүрлі бизнеске қарағанда өз ерекшелігі бар. Біз ең алдымен қандай да бір әлеуметтік мәселені шешетін әлеуметтік жобаны іске қосамыз. Мәселен, менің «Green TAL» деп аталатын жобам халықтың әлеуметтік осал топтарын оқытып олардан білікті маман шығарып, бір сөзбен айтқанда жұмыспен қамтумен айналысады. Біздің басқа бизнестен айырмашығымыз жоқ, себебі дәл солар сияқты шарт бойынша жұмыс істейміз. Тек біз әлеуметтік осал тобын жұмысқа орналастыру арқылы елдегі әлеуметтік проблемаларды шешуді көздейміз, - деді кәсіпкер.

Еске салсақ, 2022 жылы Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заңға қол қойды. Осылайша Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікке құқықтық мәртебе берілді.

Қазір еліміздің кез келген азаматы әлеуметтік кәсіпкер бола алады. Әрі онымен айналысамын деген адамға заңмен арнайы жеңіліктер мен мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Заңда күшті преференциялар жазылған. Мысалы, әлеуметтік кәсіпкерлердің ақпараттық пиарын жасау, жеңілдікпен несие алу, түрлі гранттар мен жұмыс істеуге қажетті ғимарат беру, салықтық жеңілдік және т.б. Әлбетте бұл әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың жақсы жақтары. Тек соның кейбірі әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы ғимарат алуға болады. Сондай-ақ «Даму» бағдарламасы арқылы 7 пайызбен несие ала алады әрі онда жұмыс бағыты бойынша шектеу жоқ. Сондай-ақ әкімдіктер ақпараттық қолдау көрсетеді», - деп толықтырды ол.

Эмин Әскеров бұл кәсіпкерлік бастаймын деген азаматтар үшін зор мүмкіндік деп есептейді. Сондықтан осы бағытты насихаттап, түрлі топтармен кездесу өткізетінін айтады.

Бұл кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін кез келген адам үшін жақсы мүмкіндік. Мемлекеттің қолдауына ие болып, әлеуметтік проблемаларды шешіп, мемлекетке көмектесуге болады. Мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлікте де көрініс табуы керек екеніне сенімдімін. Менің ойымша, бұл бүгінде негізгі трендке  айналғаны бәріне түсінікті. Сондықтан, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен әлеуметтік кәсіпкерлік арасындағы логикалық байланыс болатын айтып, қазақстандықтарды осы трендті қолдауға шақырамын, – деді Эмин Әскеров. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама