Мердігер 2,2 млрд теңгенің конкурсын заңсыз жеңіп алған

Динара Амантай

Әкімдік сотқа жүгінген

Фото: Halyq Uni

Жамбыл облысында мердігер 2,2 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсында мәліметтерді бұрмалап, заңсыз жеңімпаз атанған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Прокуратураның мәліметінше, конкурсқа қатысушылардың бірі өз біліктілігі туралы дұрыс емес мәлімет берген. Ол бұрын орындалған объектілер туралы бұрмаланған ақпараты бар құжаттарды веб-порталдың электрондық депозитарийіне салып, өзінің жұмыс тәжірибесін арттырған. Осылайша ол құны 2,2 млрд теңге болатын сумен жабдықтау объектілерін салуға арналған конкурстың жеңімпазы болып танылды.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде облыс әкімдігі мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы және конкурстардың қорытындыларын жарамсыз деп тану туралы МАЭС-ке талап қою енгізді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Биыл 7 тамызда талап қою толығымен қанағаттандырылды.