Halyq Uni логотип
×

Қол күресінен әлем чемпионатында Қазақстан 256 медальмен 1-орын иеленді

Сайысқа қол күресінің 150 шебері қатысып, қоржынға 82 алтын салды

 Халық үні 28.08.2024 | 08:32
Қол күресінен әлем чемпионатында Қазақстан 256 медальмен 1-орын иеленді
фото: Туризм және спорт министрлігі

15-25 тамыз аралығында Молдова Республикасының астанасы Кишиневте армрестлингтен 45-ші әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Halyq Uni inform.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы додаға 61 мемлекеттен 1 500-ге жуық спортшы қатысты. Олардың арасында жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер және пара атлеттер бар.

Еліміздің 150 қол күресінің шебері 82 алтын, 92 күміс, 82 қола жүлдемен (барлығы 256) жалпы есепте 1-орын алды.

Екінші орынға Түркия, үшінші орынға Грузия жайғасты.

Отандасымыз Нұрдәулет Айдархан Кишиневте ересектер арасында 7 дүркін (оң қолда алтын, сол қолда күміс), жастар арасындағы нәтижесін қосқанда 12 дүркін әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар Молдовада Мейрамбек Ерсайын 7 дүркін, Ердәулет Нұрмахан 5 дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Еске сала кетсек, былтыр армрестлингтен әлем чемпионаты Алматы қаласында өткен болатын. 52 елдің мыңнан аса спортшысы бас қосқан бәсекеде Ұлттық құраманың 256 өкілі жүлдеге таласқан. Ол кезде Қазақстан командасы 72 алтын, 57 күміс, 27 қола медальмен жалпы есепте топ жарған.

Ал 2022 жылы Түркияның Анталья қаласындағы әлем чемпионатында 54 елден 1 700 спортшы бас қосқан. Қазақстан онда да 68 алтын, 66 күміс пен 36 қола жүлдемен жалпы есепте 1-орын алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама