Астанада 5 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
Заңбұзушылықтарды жоюға 200-ге жуық ұйғарым берілді
Елордада 5 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 426 заңбұзушылық анықталып, оларды жоюға 192 ұйғарым берілді.
Қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құрылыс-монтаж жұмыстарын сапасыз орындағаны және жобалық құжаттамадан ауытқығаны үшін 5 компания құрылыс лицензиясынан айырылды:
- «Пром Строй Гарант Кз» ЖШС;
- «Granite» ЖШС;
- «Ғимараттар мен құрылыстар құрылысы» ЖШС;
- «Sheberbuild» ЖШС:
- «Астана-Көктем С» ЖШС.