Тараздық әйел азаматтық некедегі күйеуін ұрып өлтірді
Жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болған
Таразда 43 жастағы әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірлді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
ПД-нің мәліметінше, 3 маусым күні сағат 17.00 шамасында Тараз қаласының 2-полиция бөліміне қалалық №1 ауруханасынан хабар түскен. Онда 47 жастағы жергілікті тұрғынның дене жарақатымен түскені айтылған. Ер адам келесі күні жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.
«Аталған дерек бойынша жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 43 жастағы азаматтық некедегі әйелі анықталып, ұсталды. Ол кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - дейді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Күдікті бұрын сотты болмаған. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.