Алматыда заңсыз салынған тағы бір көлік жуу нысаны бұзылып жатыр
Былтыр жыл басынан бері қалада 46 ғимарат сүрілді
Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан сүрілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Қалқаман шағын ауданы Төле би көшесіндегі көлік жуу нысаны сот шешімі бойынша бұзылып жатыр. Нысан рұқсатсыз салынған.
2024 жылдың қаңтарында аудандық сот бұзу туралы талапты қанағаттандырды, ал сәуірде Алматы қалалық соты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды. Орталық сот орындаушылардың қатысуымен бұзыла бастады.
Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында Алматыда заңсыз салынған құрылысқа бақылау күшейтілді. Былтыр жыл басынан бері Алматыда 46 заңсыз нысан, соның ішінде тұрғын үй кешендері, мейрамханалар және тағы басқасы сүрілді.