×

Тоқаев көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды

Дүбірлі дода түрлі елдердің достығын нығайтатын маңызды қадам болатыны айтылды

 Динара Амантай 27.08.2024 | 16:21
фото: Мейірбек Тажқұранов

Мемлекет басшысы ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше мән беріліп жатқанына назар аударып, елімізде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мән-маңызына тоқталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл сайыс арқылы біз алдымен төл өркениетіміздің тамыры терең тарихын жер-жаһанға паш етеміз. Сондай-ақ дүбірлі дода түрлі елдердің достығын нығайтатын маңызды қадам болмақ. Көшпенділер ойындары экологияны сақтау, Қазақстанды жасыл елге айналдыру және абаттандыру тақырыбын көтеруге жақсы мүмкіндік береді. Олимпиада кезінде түбі бір түркі жұрты өзара тілектестік пен жанашырлықтың шынайы үлгісін көрсетті. Спортшылар да, жанкүйерлер де көрші елдердің әрбір жеңісіне шын жүректен қуанды. Бір-біріне қолдау білдіріп, қажет болса көмектерін де аяған жоқ. Тіпті, балуандарымыз жеңіс тұғырына туған бауырлар сияқты бірге көтерілді. Халықтар арасындағы риясыз достық дегеніміз – осы! Бұл – шын мәнінде, баға жетпес байлық. Біз барлық салада бір-бірімізге тілектеспіз. Көшпенділер ойындары бауырлас елдердің осындай мызғымас бірлігін бекемдей түспек. Сондықтан оны жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз керек, – деді президент.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласындағы мамандарды сынаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама