Елімізде бес жылда 63 өнер мектебі бой көтереді

Қымбат Елтайқызы

Бұған қоса, 37 оқушылар сарайы салынады

фото: Halyq Uni

2023-2027 жылдар аралығындағы Жол картасы аясында 100 қосымша білім беру нысанының құрылысы жоспарланып отыр. Атап айтсақ, 37 оқушылар сарайы мен 63 өнер мектебі бой көтереді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оның ішінде 2023 жылы 9 оқушылар сарайы, 2024 жылы — 13, 2025 жылы — 20, 2026 жылы — 24, 2027 жылы — 34 нысан пайдалануға беріледі.

Құрылыс балаларға арналған өнер және шығармашылық саласында білім берудің қолжетімділігі әрі сапасын арттыруға баса назар аудара отырып, кезең-кезеңімен жүргізіледі, – деп толықтырды ведомство.

Бұл нысандар оқушылар мен жас таланттарды дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынып, мәдени және білім беру кеңістігін кеңейтеді.