×

Бас санитар маймыл шешегінің таралуын алдын алуға қатысты қаулы шығарды

Өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтіледі

 Динара Амантай 27.08.2024 | 14:45
Фото: Halyq Uni

Бас санитар республика бойынша маймыл шешегінің таралуын алдын алу жөніндегі санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Құжатқа сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарына бірқатар міндеттер жүктелді. Оның ішінде шетелдік студенттерді, атап айтқанда соңғы 21 күн ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған тізімге сәйкес маймыл шешегі бойынша эндемиялық елдерден келген немесе оларға барған қазақстандықтарды медициналық бақылау тапсырылды.

Сондай-ақ, Көлік министрлігіне дене қызуы жоғары адамдарды қашықтықтан анықтауға арналған температураны байланыссыз өлшеу жүйесін орнату, көліктерде жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының болуын және тағы басқа шараларды қабылдау жүктелді.

Бұған қоса Қаржы министрлігіне мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейту тапсырылды.

Қаулы 2024 жылғы 28 тамыздан бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама