×

АЭС құрылысына қарсы топ қоғамдық пікірге ықпал еткісі келеді – министр

Ведомство басшысы олардың кім екенін нақты айтпады

 Дәурен Ерболат 27.08.2024 | 14:18
Коллаж: Halyq Uni

Қазақстанның энергетика министрлігі елімізде АЭС құрылысына қарсы топтың үстінен қорғау органдарына шағым түсіруге дайындалып жатыр Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Үкіметтің отырысынан соң министрге «Сіз Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға қарсы топ барын айтып қалдыңыз. Олар кімдер, аттарын айта аласыз ба? Қарсы кампания болса, құқық қорғау органдарынан неге көмек сұрамайсыз?» деген сұрақ қойылды.

Алмасадам Сәтқалиев арнайы топ қоғамдық пікірге әскер еткісі келетінін айтып қалды.

Біз құқық қорғау органдарына жүгіндік. Сіз уақыты келгенде оны естисіз деп ойлаймын. Біз жалпы жағдайды тұрақсыздандыруға және қоғамдық пікірге қандай да бір теңгерімсіздік енгізуге бағытталған белгілі бір әрекеттерді көріп отырмыз... Біз шағымды дайындап жатырмыз. Алайда оны әлі құқық қорғау органдарына жібермедік, - деді министр.

Еске салсақ, бұған дейін Президент Тоқаев биыл күзде АЭС бойынша референдум өтетінін мәлімдеген еді. Президенттің пікірінше, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов АЭС бойынша референдум өткізуге қатысты үкімет қаулысының жарлық жобасын Президент әкімшілігіне енгізуді тапсырды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясына бөлінген қаржы ұрланбайтынын, мәселе мұқият бақылауда болатынына сендірді. 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама