«Қазақша үйренемін». Жас миллиардер Қазақстан азаматтығын алды
Мен мұнда үлкен өзгерістер болатынын сеземін, дейді кәсіпкер
Freedom Holding Corp халықаралық инвестициялық тобының негізін қалаушы және мажоритарлық акционер Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алды.
«Мен 11 жыл бұрын Қазақстанға келдім. Соңғы 10 жылда отбасыммен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан маған үлкен шабыт сыйлады, бұл елде көп дос таптым. Менің балаларымның көбі осында туды, бәрі осында тұрады және оқиды.
Қазақстан – тәуелсіз, көпұлтты ел. Мұнда ұлты мен діні басқа көптеген ұлттар мен ұлыстар бейбіт өмір сүріп жатыр. Азаматтардың көбі екі тілде сөйлейді.
Қазақстанда маған ұнайтын оң өзгерістер болып жатыр. Біздің холдингтің командасына қаржы әлемінде үздік өнімдер жасауға мүмкіндік беретін цифрлық трансформацияға қатысты өзгерістер тез даму үстінде. Дәл осы жерде біздің холдингтің #NASDAQ атауымен штаб-пәтері орналасқан. Мен Қазақстан азаматы атанғанымды мақтан тұтамын», – деп жазды Тимур Турлов Instagram-дағы парақшасында.
Турлов Қазақастанның бейбіт және қонақжай саясатының арқасында жаңа, бай, тиімді және әділ мемлекетке айналатынына сенім білдірді.
«Мен осы елдің азаматы ретінде кәсіпкерлікпен елдің дамуына үлес қосамын деп үміттенемін. АҚШ пен Германияда «Цифрлық ипотека» туралы айтқанымда адамдар тамсанады. Осындай оқиғалар көбейеді деп сенемін. Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік, үлкен құрмет. Бұл холдингтің атынан Қазақстанға капитал тартуды ұлғайтатынымызды білдіреді. Соның ішінде америкалық және еуропалық компанияларды тартатын боламыз. Мен мұнда үлкен өзгерістер болатынын сеземін. Қазір мұнда көп мүмкіндік бар. Қазақстан – әлемдегі ең тартымды мемлекеттердің бірі. Біз бәріміз бірігіп, оны көркейтеміз! Мен қазақша үйренемін, жақында мен қазақша сөйлейтін боламын!», - деп түйіндеді ол сөзін.
Айта кетейік, Тимур Турлов қазақстандық жобалар мен стратаптарға барынша белсенді инвестиция салып жатыр. Былтыр маусымда Cerebra қазақстандық стартап Freedom Holding СЕО-дан $1 миллион қаржыландыру алды. Компания инсультты ерте диагностикалау бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен айналысады. Cerebra Medtronic байқауында әлемнің үздік MedTech жобаларының ондығына кірді және Ernst&Young нұсқасы бойынша үздік инновациялық стартап болып танылды.
Желтоқсанда Турлов Relog қазақстандық IT-компаниясы инвесторларының құрамына кірді. Оның венчурлық инвестициясының мөлшері $700 мың болды, оның ішінде $350 мың Relog капиталына салынды және $350 мыңға компаниядағы үлесті $10 миллионға бағалаған кезде оны сатып алу опциясына қол қойылды. Компания бұлтты технологиямен айналысады. Relog-та көлік шығынын азайтатын және логистиканы басқаруға көмектесетін Transport Management System өнімі бар. Сондай-ақ ол Chocofamily Holding, Naimi.kz және ArbuzGroup-та үлеске ие. Сәуірдің басында Arbuzgroup басшысы Алексей Ли олардың АҚШ-тағы онлайн-супермаркетінің сәтті іске қосылғанын хабарлады.
Былтыр жылдың аяғында Турловтың Freedom Mobile World смартфоны мен аксессуарларының бөлшек сауда дүкендерінің желісін іске қосқаны белгілі болды. Сондай-ақ ол Холдингтің экожүйесіне кіретін Тикетон билет сатып алу қызметі және PayBox.money онлайн-төлемдер агрегаторын сатып алу жоспары туралы айтты.
Freedom Holding-тің Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия, Кипр, Ұлыбритания, Украина және АҚШ-та филиалдары бар. Холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market, Қазақстан қор биржасында, Санкт-Петербург биржасында және Украина биржасында саудаланады.
Қазақстанда «Фридом Финанс» АҚ – еліміздің қор нарығының ірі кәсіби қатысушысы. Компания «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ-ға иелік етеді. Сонымен қатар компания өзінің «Freedom Finance Insurance» Сақтандыру компаниясы» АҚ және «Freedom Finance Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ арқылы сақтандыру бизнесін дамытып жатыр.