Жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін 51%-ға дейін төмендету жоспарланған
Үкімет өңірлерді дамытуға 2025 жылы 7,4 трлн теңге бөлінеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Аталған қаражат есебінен халықты орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті қамтамасыз ету (қалаларда 99,6%-ға дейін, ауылдық елді мекендерде 98%-ға дейін), жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін 51%-ға дейін төмендету жоспарланған.
Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 18 көлік инфрақұрылымы нысаны, 33 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және 91 әлеуметтік нысанды жаңғырту бойынша 51 515 адам мен 3 ауылдық елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.