×

Қазақстанда АЭС-тің қайда салынатыны белгілі болды

Министр салынатын орынды нақтылады

фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр стансасы салынатын орынды нақтылады. 

«Нақты орын емес, орналасатын өңірге қатысты ведомствоаралық комиссия өткіздік. Қалай десек те, ол Балқаш көлі маңында орналасады. Бұл - Алматы облысындағы Үлкен ауылының төңірегі. АЭС салынатын жерді айқындадық»,- деді Болат Ақшолақов Президент жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

Оның айтуынша енді атом электр стансасы құрылысына қатысты бірқатар аспектіні зерделеу қажет.

«Биыл осы уақытқа дейін бірнеше рет айтқан нюанстарды зерделеу жұмысын жүргізу қажет. Олар геология және суға байланысты мән-жайлар. Осыдан кейін нақты координаттар белгілі болады. Содан соң есептеулерді байланыстырамыз. Бірақ есеп жүргізу үшін технологияны айқындау қажет. Технологияны келесі жылы айқындаймыз»,- деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Масқара»: Ұлдары органда істейтін қария қарттар үйін паналауға мәжбүр

Үш ұл, бір қызды тәрбиелеген қарт перзенттерінен қайыр жоқ екенін алға тартады
05.02.2023 | 08:40

Дәрігер қатерлі ісіктің негізгі себептерін айтты

Қатерлі ісікке уайым-қайғы да үлкен себеп болады
05.02.2023 | 07:30

Күләш Бәйсейітованың қызы өмірден озды

 83 жасына қараған шағында өмірден өтті. 
05.02.2023 | 06:56

«Елестермен шай ішеміз»: Астанада зират үстіне салынған үйлердің бары рас па?

Мұндай әңгімелер тұрғындардың үйлерін сатуға кедергі 
04.02.2023 | 23:41