Қазір меншік иесінің құқығын жою бойынша шаралар қабылданып жатыр
Павлодарда мемлекеттік мүлік өз бағасынан 10 есе арзанға сатылған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Прокуратураның мәліметінше, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Павлодар қаласының Шығыс өнеркәсіптік аймағында орналасқан жанар-жағармай сақтауға арналған 5 орын мен ауданы 0,5 гектар жер учаскесі бар 2 қабатты мүліктік кешенді аукционда 8,3 млн теңгеге сатқан.
Бұл ретте прокурорлық тексеру барысында тағайындалған сараптама кешеннің нақты құны сатылған бағасынан ондаған есе артық екенін анықтады, – делінген хабарламада.
Сот прокурордың талап-арызы бойынша сауда-саттық және одан кейінгі сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп таныды.
Қазір меншік иесінің құқығын жою және мүлікті мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.