Halyq Uni логотип
×

Франция президенті Макрон Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Бұл ешқандай саяси шешім емес, деді Эммануэль Макрон

 Халық үні 27.08.2024 | 07:01
Франция президенті Макрон Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
AP Photo / Yara Nardi

Франция президенті Эмманюэль Макрон Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Telegram басшысы Франция аумағында жүргізіліп жатқан сот тергеуі аясында тұтқындалды, шешімді судьялар қабылдайды», - деп атап өтті Франция президенті өз үндеуінде.

Павел Дуровқа Telegram желісінде қаржылық және киберқылмыс мәселелері бойынша ынтымақтастық жасамады деген айып тағылды, деп хабарлады Reuters Франция полициясына сілтеме жасап.

Бұл ретте Mobile Research Group жетекші сарапшысы Эльдар Муртазин Дуровсыз Telegram қандай болатынына өз бағасын берді.

«Дуров – Telegram-ның фронтмені. Егер ол медиакеңістікте ұзақ уақыт болмаса, инвесторлар кетеді. Инвестициясыз желінің техникалық сапасы төмендейді, бұл пайдаланушылардың кетуіне әкеледі», - деді Муртазин.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама