Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі
Қазақстанның кейбір аймақтарында ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Елдің солтүстік және шығыс бөліктерінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін, ал оңтүстік аймақтарда күн ашық және жылы болады. Синоптиктердің мәліметінше, кей жерлерде желдің жылдамдығы күшейіп, тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысының орталығында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 27 тамызда найзағай күтіледі.
Қарағанды облысы
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 27 тамызда найзағай күтіледі.
Ақмола облысы
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Көкшетау қ.: 27 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 27 тамызда төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Қызылорда облысы
Таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 27 тамызда күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысы
Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түркістан қ.: 27 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысы
Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысы
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, 28 тамызда түнде таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. 27-28 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 27-28 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 28 тамызда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 28 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 27-28 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысы
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қ.: 27 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жетісу облысы
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысы
Таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысы
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысы
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Павлодар қ.: 27 тамызда түнде тұман күтіледі.
Алматы облысы
Алматы облысының батысында, солтүстігінде жөғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысы
26-28 тамызда Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 26-28 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.