Қазір өзенге батқан үшінші жасөспірімді іздестіру жұмысы жалғасып жатыр
Атырау қаласының маңындағы Береке ауылының тұсында 3 жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды HalyqUni.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан хабарлағандай, оқиға бүгін, 26 тамызда түсқайта болған.
Бүгін сағат 17:25-те Атырау қаласына таяу орналасқан Береке ауылында 3 жасөспірімнің Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, 3 жасөспірім ұлдың арнайы жабдықталмаған орында суға түскені анықталды. Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері сағат 18:25-те екі жасөспірімнің мүрдесін су астынан тауып, Жайық өзенінің жағалауына шығарды, - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.
Белгілі болғандай, Жайық өзеніне батып кеткен 3 жасөспірім бір жылда өмірге келген. Олардың жасы – 16-да.
Қазір өзенге батқан үшінші жасөспірімді іздестіру жұмысы жалғасып жатыр. Жасөспірімді іздеуге 18 құтқарушы, 5 жүзу құралы, 4 техника тартылған.