Жамбыл облысында аудан әкіміне қомақты айыппұл салынды

Динара Амантай

Оған қатысты іс аудандық сотта қаралды

Фото: Halyq Uni

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық сотында әкімнің міндетін уақытша атқарушы С. Төлегенов, осы ауданның қаржы бөлімінің басшысы Т. Әділбаев және «Kaly» ЖК өкілі А. Шұбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Антикордың мәліметінше, Төлегенов Әділбаевтан 400 мың теңге пара алған. Қаржы бөлімінің басшысы бұл ақшаны әкімге мемлекеттік сатып алуға қатысты лауазымдық міндеттерді сақтап қалғаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін берген.

Бұдан басқа, Әділбаев Мойынқұм ауылының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстарға жедел ақы төлегені үшін Шұбаевтан 600 мың теңге пара алған, – делінген СЖҚА хабарламасында.

Сот үкімімен Төлегенов пен Шұбаевқа 12 млн теңгеден, Әділбаев 26 млн теңге айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.