Қорғаныс министрлігі бірнеше өңірде шектеу шараларын енгізеді

Динара Амантай

Қазақстандықтарға қауесеттерге көңіл аудармауға кеңес берілді

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігі еліміздің бірқатар өңірінде шектеу шараларын енгізуі мүмкін, деп хабарлайды Halyq Uni.

ҚР Қарулы күштерінің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 2024 жылғы 2-13 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының «Мәтібұлақ» оқу полигоны базасында «Айбалта-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланып отыр.

Жауынгерлік дайындық іс-шаралары Абай, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарының аумағы бойынша күштер мен құралдардың қозғалысымен ұштасады. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында биылғы 26 тамыздан бастап бөлімшелер аралас тәсілмен, яғни теміржол және автокөлік жолымен марш жасайды. Содан кейін тұрақты орналасу пунктеріне де солай оралады. Көрсетілген уақыт кезеңінде еліміздің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін, – делінген министрлік хабарламасында.

Осыған байланысты министрлік ел тұрғындарынан таратылатын қауесетке көңіл аудармай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.