Тиісті құжат қоғам талқысына ұсынылды
Көлік министрлігі Үшарал-Достық жол учаскесін ақылы негізде пайдалануға қатысты бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бұл жобалар ҚР 2030 жылға дейінгі көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасына сәйкес дайындалды. Жобаны қабылдау ҚР көліктік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және төлемді дамытуға мүмкіндік береді, – делінген министрлік хабарламасында.
Ресми ақпаратқа сәйкес, аталған учаскелер бойынша жол жүру ақысынан алынған ақша автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға, олар бойынша қозғалысты ұйымдастыруға және ақылы автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін қажетті жол-пайдалану техникасын сатып алуға бағытталады.
Тиісті құжат Ашық НҚА сайтында 9 қыркүйекке дейін қоғам талқысына ұсынылған.