Маңғыстау облысында салық қызметкері жауапқа тартылды

Динара Амантай

3 кәсіпкердің қызметіне негізсіз тексеру тағайындалған

Фото: Halyq Uni

Маңғыстау облысында салық қызметкері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, салық органы 3 кәсіпкердің қызметіне негізсіз кешенді тексерістер тағайындаған.

Кәсіпкерлер жоғары тәуекел санатына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген «Өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларындағы» алынып тасталған критерий бойынша енгізілгені анықталды. Прокурорлық қадағалау актісімен аталған салықтық тексерулердің күші жойылып, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура органдары кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жалғастырып жатыр.