Ресейден аса ірі алаяқтық жасаған қазақстандық қайтарылды
Күдікті әйел банк қызметкері болып істеген
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған қазақстандық қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2019-2022 жылдар аралығында күдікті әйел Тараздағы банк филиалының қызметкері бола отырып, клиенттердің атынан несие рәсімдеген. Олардың шоттарына еркін қол жеткізген күдікті несие қаражатын достарының есепшотына аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған. Әйелдің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан клиенттер 60 млн теңге көлемінде шығынға ұшырады.
Қылмыс жасағаннан кейін алаяқ тергеуден жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Биыл суәірде фигурант Краснодар өлкесінің аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Аталған қылмысты жасағаны үшін ол мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетсек, биыл 350-ден аса қазақстандықты 7 миллиард теңгеге жуық сан соқтырған 11 алаяқ Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды.