Жүйе жапон технологиясы бойынша жасалған
Алматы қаласында қатты жер сілкінісі туралы ерте хабарлаудың автоматтандырылған жүйесі сынақтап өтіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Жыл басынан бері қалада 7 жер сілкіну дерегі тіркелген. Жапония тәжірибесі бойынша Алматыда қатты жер сілкінісі туралы ерте хабарлаудың автоматтандырылған жүйесі (ЕХАЖ) енгізілді. Ол автоматты режимде сейсмикалық толқынның Алматы қаласына жақындауы туралы сигнал алу және мобильді қосымшаның, сирена-сөйлеу құрылғыларының көмегімен халықты алдын ала хабардар етуге мүмкіндік береді
Қазіргі уақытта бұл жүйе шетелдік тәжірибе бойынша апробация кезеңінен өтіп жатыр және алгоритмдерді тексеру, бағдарламалық қамтамасыз етуді жөндеу және нақты жағдайларда деректерді өңдеудің технологиялық процесі үшін тестілік режимде (жыл соңына дейін) тұр, - деп жауап берді қалалық ТЖД ресми сауалхатқа.
Басқарма мәліметінше, биыл Алматыда өрт дерегі жиілеген.
Қалада 447 өрт дерегі тіркелді. Бұл 2023 жылдың тамызымен салыстырғанда 32,64%-ға өскен. Былтыр 377 дерек анықталды, - деп жазылған сауалхатта.
Департаменттің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде 1105 өрт сөндіруші жұмыс істейді. Олардың жалақысы еңбек өтіліне байланысты 187 522 теңгеден басталып, шекті арнайы шеніне және қызмет өтіліне сәйкес 313 843 теңгеге дейін барады.
Жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 829 млн 599 мың теңгеге 10 техника сатып алынды. Оның ішін 5 көлік (АЦ-5-40), 3 көлік (АЦ-8-70), 1 шағын автобус, 1 автокөлік, - деп жазылған сауалхатта.
ТЖД-да есептен шығаруды қажет ететін 26 техника бар. 2023 жылы республикалық бюджет шеңберінде жалпы сомасы 302 млн 400 мың теңгеге 3 (АЦ-5-40) өрт сөндіру автоцистернасы сатып алынды. Жалпы сомасы 222 млн теңгеге 1 191 техникалық жарақ пен жабдық алынды.
Биыл басқарма биік ғимараттарда өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техникамен жарақтандыру үшін жергілікті бюджет есебінен 11 (3 иінді көтергіш, 2 автоцистерна (АЦ-5-40), 1 автомобиль), 1 тартқыш, 1 жылжымалы автожөндеу шеберханасы, 3 жеңіл автомобиль) өрт сөндіру автотехникасын сатып алуға бюджеттік өтінімдер дайындалып, алдын ала мақұлданды, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ орман алқабын патрульдеу және өртті сөндіру үшін дрондар да пайдаланылады.
Бүгінде департаментте 4 пилотсыз ұшу аппараты бар. 2024-2025 жылдары қосымша 21 пилотсыз ұшу аппараты сатып алынады деп жоспарланып отыр. Жағдайды ауадан бақылау құтқарушыларға өрттің дамуын болжауға, апаттың ауқымын дұрыс бағалауға көмектеседі, - деп жазылған сауалхатта.