Қазақстан мен Ресей шекара мәселесін талқылады
Демаркациялық комиссияның отырысы өтті
Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 141-отырысы өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау және бекіту жөніндегі жұмысын жалғастырды.
Сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерінде оның сызығын белгілеуге байланысты бірқатар мәселені және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.
Комиссияның келесі отырысы қыркүйек-қазанда Ресей Федерациясының аумағында өтеді.