Halyq Uni логотип
×

Қапшағай су қоймасы алғаш рет 100%-ға толды

Биыл көктемде секундына 900 текше метрге дейін су келген

 Динара Амантай 26.08.2024 | 09:22
Қапшағай су қоймасы алғаш рет 100%-ға толды
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 18 млрд текше метрден артық су жинап, 100%-ға толды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, су қоймасы Қытай аумағынан бастау алатын трансшекаралық Іле өзенінің суын жинайды.

Биыл көктемде секундына 900 текше метрге дейін су келген. Қазір Қапшағай су қоймасында 16 млрд 200 млн текше метр су бар, – делінген министрлік хабарламасында.

Облыста вегетация кезеңі қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Одан кейін су тасқыны кезеңіне дайындық басталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама